Ауыр қылмыс жасаған Өзбекстан азаматы Қызылордада ұсталды

Фотография - Ауыр қылмыс жасаған Өзбекстан азаматы Қызылордада ұсталды

Үстіміздегі жылдың 6 айында ауыр санаттағы қылмыс жасап, мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның 3 азаматына әдеттен тыс қамау шарасы қолданылды

161 0

Ауыр қылмыс жасаған жасаған Өзбекстан азаматы Қызылордада ұсталды. Бұл туралы облыс прокурорының аға көмекшісі Ғабит Алмағамбетов хабарлады.

«Үстіміздегі жылдың 6 айында ауыр санаттағы қылмыс жасап, мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның 3 азаматына әдеттен тыс қамау шарасы қолданылды. Оның ішінде біреуі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының келісімі бойынша Өзбекстан Республикасының құзырлы органдарына берілді», - делінген оның хабарламасында.

Облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері алдын алу жедел іс-шараларын жүргізу кезінде Қызылорда қаласыдағы «Ақмешіт» шағын ауданында Өзбекстан Республикасының 1982 жылы туған азаматы Фахраддин Саидовтың қандай да бір азаматтығын анықтайтын құжаты жоқ екені анықталып, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен қабылдау-тарату орнына 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Ал жеке басын анықтау нәтижесінде оған Өзбекстан Республикасы Хиуа аудандық сотының 2013 жылғы 1 сәуірдегі ұйғарымымен ауыр қылмысын жасағаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Қызылорда қалалық сотының қаулысымен Саидов Фахраддин Атязұлы 40 тәулікке әдеттен тыс қамауға алынды. Содан кейін қалалық сот қаулысымен оның мерзімі 2 айға дейін ұзартылды. Нәтижесінде ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары И. Меркельдің Ф.Саидовты Өзбекстан Республикасының құзырлы органдарына беру туралы қаулысына сәйкес, ол сол елдің құзырлы органдарына тапсырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!