Қостанай полицейі қызметтік борышын атқару кезінде жарақат алды

Фотография - Қостанай полицейі қызметтік борышын атқару кезінде жарақат алды

Қарасу ауданы орталығында полиция қызметкері жарақат алды. Ол кеше кешке газ баллонын жарып жібермек болып қорқытқан бұзақының әрекетін тоқтатуға қатысқан

294 0

Қарасу ауданы орталығында полиция қызметкері жарақат алды. Ол кеше кешке газ баллонын жарып жібермек болып қорқытқан бұзақының әрекетін тоқтатуға қатысқан.

Қарасу ауданы АІІБ кезекші бөліміне болған оқиға туралы хабар бұзақының 52 жастағы әйелінен келіп түскен. Ол өзінің күйеуі мас болып, бауырын сабайтынын айтқан.

ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға орнына құрамында участкелік инспектор Жасұлан Ақшалов және күзет полициясының жүргізушісі Азамат Сейдахметов бар полиция жасағы дереу келіп жеткен. Олар газ баллонын жарып жібермек болып қорқытып тұрған еркектің үстінен түскен: ер адам баллонның шлангісін кесіп алған, редукторды ашып сіріңкені дайындап тұрған. Полицейлерді байқаған жанжалқор төбелеске кірісіп, полиция қызметкері Сейдахметовтың ішіне пышақ жарақатын салып үлгенген.

Ұсталған азамат АІІБ жеткізіліп, қазіргі уақытта ол ҚР ҚПК 132-бабымен тұтқынға алынды. Оған қарсы ҚР ҚК 2-бөлімі 321-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бап санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Зардап шеккен полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалды. Оның жағдайы бірқалыпты. Қостанай облыстық ІІД бастығы Тілеген Мәткенов полиция қызметкерінің тезірек жазылуына барлық жағдай жасалатынын мәлімдеді.

47 жастағы ұсталған азамат бұрын жәбірленушіні өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын салғаны үшін бірнеше рет сотталған, сондай-ақ, ол бірнеше рет полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткені, сотты құрметтемегені, кішігірім бұзақылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!