ОҚО полицейлері 17 жылдан кейін адам өліміне қатысты күдіктілерді ұстады

Фотография - ОҚО полицейлері 17 жылдан кейін адам өліміне қатысты күдіктілерді ұстады

Оңтүстік Қазақстанның полицейлері 17 жылдан кейін адам өліміне қатысты күдіктілерді құрықтады, бұған дейін қылмыскерлер басқа мемлекетте жасырынып келген

220 0

Оңтүстік Қазақстанның полицейлері 17 жылдан кейін адам өліміне қатысты күдіктілерді құрықтады, бұған дейін қылмыскерлер басқа мемлекетте жасырынып келген.

Қылмыс 1996 жылы 1 қаңтарда Сайрам ауданында болған. Жекеменшік үй аулаларының бірінен полицейлер көптеген дене жарақатынан қаза болған ер адамның денесін табады. Тәртіп сақшылары қылмысқа күдіктілер жайлы анықтады, олар Оңтүстік Қазақстан және Қырғызстанның азаматтары екендігі белгілі болды. Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды.

Іздеудегі күдіктілердің ізіне полицейлер жаңа түсті - Ресей Федерациясының аумағына келіп тіркелген олар шетелдік азаматтарды тексеру кезінде анықталды. ОҚО ІІД криминалдық полиция қызметкерлері РФ әріптестерімен күдіктілерді Кемеров облысының Тайга қаласында ұстап, уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Осы уақытқа дейін күдіктілер полицейлердің есебінде Өзбекстан Республикасында жекеменшік үйлердің бірінде өрттен қаза болды деп келгенін атап өтейік.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!