Алматыда Республика Сарайының дисплейіне порноролик қосқан бұзақы ұсталды

Фотография - Алматыда Республика Сарайының дисплейіне порноролик қосқан бұзақы ұсталды

Алматыда 16 тамыз күні ІІД Криминалды полиция басқармасының «К» бөлімшесі Республика Сарайының лид-дисплейіне жауап беретін серверге қосылған бөтен компьютердің IP адресін анықтады

183 0

Алматыда 16 тамыз күні ІІД Криминалды полиция басқармасының «К» бөлімшесі Республика Сарайының лид-дисплейіне жауап беретін серверге қосылған бөтен компьютердің IP адресін анықтады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Сол күні 20 жастағы жігіт құрықталды. Ол 12 тамыз күні аталған экранға порноролик салды деп айыпталуда. Ол бүгінде бұзақылық істегенін мойындады. Оның айтуынша, сол күні сервердің паролі экранда жазылып тұрған. Жас жігіт қалжыңдағысы келіп, өзінің жұмыс компьютері арқылы Республика Сарайының дисплейіне эротикалық мағынадағы ролик салып жіберген. Қазіргі таңда компьютерлік техникаға сараптама жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Кибербұзақыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған 800 мыңнан 1,6 млн. теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!