ОҚО-да жоғалған тікұшақ табылды

Фотография - ОҚО-да жоғалған тікұшақ табылды

Оңтүстік Қазақстанда таяуда радар экранынан жоғалып кеткен тікұшақ табылды

272 0

Оңтүстік Қазақстанда таяуда радар экранынан жоғалып кеткен тікұшақ табылды.

Белгілі болғандай, «Саут-ойл» компаниясының «Еврокоптер-130» тікұшағы радардан кешке «Стандартцемент» компаниясының маңында жоғалған. Бортта үш жолаушы мен бір пилот болған. Тікұшақты іздеуге 87 адам, 8 техника мен 15 ат жұмылдырылды.

Таң ата тікұшақ Төле би ауданындағы Мақпал көлінде болғаны және аккумулятордың істен шығуына байланысты өздігінен ұша алмағаны белгілі болды. Сыртқа шығарылған адамдар Шымкентке МИ-17 тікұшағымен жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!