Астанадағы студенттік емханаға жарылғыш зат «қойған» қыз ұсталды

Фотография - Астанадағы студенттік емханаға жарылғыш зат «қойған» қыз ұсталды

17 тамыз күні Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығына бейтаныс әйел қоңырау шалып, студенттік емханаға жарылғыш зат қойылғанын мәлімдеген

248 0

17 тамыз күні Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығына бейтаныс әйел қоңырау шалып, студенттік емханаға жарылғыш зат қойылғанын мәлімдеген.

Оқиға орнына тез арада жедел қызметтер, «Сарыарқа» аудандық ІІБ-ның жедел тергеу тобы, жол полициясы қызметкерлері, «Арлан» арнайы жасағы, кинологиялық орталық қызметкерлері, Астана қ. ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасы, ҰҚҚД, ТЖД қызметкерлері жетті.

Мамандар емхананың әкімшілік ғимараты мен оның айналасын толық тексерістен өткізіп, жарылғыш заттың жоқ екендігіне көз жеткізді. Емханадан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Астана қ. ІІД қызметкерлері қолданған шаралар нәтижесінде 1991 жылғы Қарағанды облысының тумасы ұсталды. Қыздың сөздеріне қарағанда, ол «қалжыңдап» «102» нөміріне студенттік емханаға жарылғыш зат қойылды деп айтқан. Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 242 бабы бойынша (Террористік акт туралы жалған ақпарат тарату) қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!