Алматы облысында өз баласын сатпақ болған ана ұсталды

Фотография - Алматы облысында өз баласын сатпақ болған ана ұсталды

Алматы облысында полиция қызметкерлері өз баласын саудаға салып, соттан қашып жүрген 42 жастағы әйелді ұстады

190 0

Алматы облысында полиция қызметкерлері өз баласын саудаға салып, соттан қашып жүрген 42 жастағы әйелді ұстады.

Биылғы жылдың маусым айында полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданында жаңа туылған нәрестені сату фактісін анықтады.

Іздестіру шаралары барысында бала Жамбыл облысынан табылған. Баланың анасы, сатып алушы және делдал әйел ұсталды. Сот айыпталған әйелдердің әрқайсысына 5 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Баланың туған анасы сот процесінен қашып кетті.

Қазір ол ұсталып, күзетке алынды. Ал бала нәрестелер үйіне орналастырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!