Орал қаласында 25 сотталушы өздерінің денелеріне жара салды

Фотография - Орал қаласында 25 сотталушы өздерінің денелеріне жара салды

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жазасын өтеп жүрген бір топ адам өздерінің денелеріне жара салды

254 0

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жазасын өтеп жүрген бір топ адам өздерінің денелеріне жара салды, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

«Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай, ағымдағы жылдың екінші тоқсаны бойы жазалауды орындауды және ұстау режимін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында республиканың барлық мекемелерінде және оған қарасты аумақтарда тыйым салынған заттарды лақтырып берудің алдын алу бойынша жоспарлы профилактикалық іс-шаралар өткізілуде», - деп атап өтілген БАҚ-қа таратылған баспасөз айғағында.

Бұндай шара БҚО Орал қаласының жалпы режимдегі колониясында да өтті, шара барысында ұстауға тыйым салынған заттар табылды. Алайда істі болғандардың 25-і өздеріне жеңіл дене жарақаттарын салған. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!