Киік атып алған қызылордалық браконьер ұсталды

Фотография - Киік атып алған қызылордалық браконьер ұсталды

Қызылорда облысы Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында ақбөкен атып жүрген браконьерді қолға түсірді

160 0

Қызылорда облысы Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында ақбөкен атып жүрген браконьерді қолға түсірді.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Із кесушілер Сырдария ауданынан солтүстікке қарай шамамен 300 шақырым қашықтықтағы «Бөгдек» аталатын жерде Қызылорда қаласының 1976 жылы туған тұрғынының басқаруындағы «Nissan Patrol» үлгісіндегі автокөлігін тоқтатып тексерген.Тексеру барысында аталған автокөліктің артқы жүк салғышынан 1 бас ақ бөкен аңы, 1 дана МЦ үлгісіндегі 12-калибрлі тіркелмеген аңшы мылтығы, пайдаланылмаған 12-калибрлі 16 дана патрон мен 1 дана асхана пышағы табылып, айғақты заттар ретінде алынды.

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!