Батыс Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Фотография - Батыс Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Батыс Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қолға түсті

210 0

Батыс Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қолға түсті.

БҚО ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Армат Оразаевтың айтуынша, 18 тамыз күні кешке Орал-Ақсай жолының Ақсайға кіреберісінде полиция қызметкерлері ақ түсті «Лексус-470» автокөлігін тоқтатқан кезде, онда отырған алты адамның «Тайпақ» ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшелері екендігі анықталды. Көлік жүргізушісі Бағдат Едіресовтің қасында бұрын сотталғандар болған. Көлікті тексеру барысында жүксалғыштағы қара түсті спорттық сөмкеден 7 оғы бар «ПМ-9мм» маркалы тапаншасы, шолақ аңшы мылтығы, 12-калибрлі 9 оқ, 16-калибрлі 3 оқ, бір пышақ және 3 қара түсті бетперде табылды. Сондай-ақ ұсталғандардан қолдан жасалған кастет, екі жиналмалы пышақ, «Оса» травматикалық тапаншасы тәркіленді. Оған қоса біреуінің қалтасынан жасыл-сұр түсті өсімдік тектес зат салынған қорапша алынып, сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 251-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Ақсай қаласында бұзақылық әрекеттер жасамақшы болған күдіктілер қазір қамауда отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!