Алматыда полицияға оқ атқан ер адам құрықталды

Фотография - Алматыда полицияға оқ атқан ер адам құрықталды

Алматыда травматикалық пистолеттен пәтердегі ұрлық фактісіне байланысты шақырту бойынша келген полицияның аға сержантына оқ атқан ер адам ұсталды

179 0

Алматыда травматикалық пистолеттен пәтердегі ұрлық фактісіне байланысты шақырту бойынша келген полицияның аға сержантына оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

22 жастағы Балқаш қаласының тумасы ағымдағы жылдың 16 тамыз күні Айнабұлақ шағын ауданында жедел тергеу тобының қызметкерлерімен ұсталды. Осыған дейін ол ҚР ҚК 175-бабы бойынша (ұрлық) жауапкершілікке тартылып, Алматы қаласында есепте тұрған.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде ер адам травматикалық қарудан пәтер ұрлығы фактісі бойынша оқиға орнына келген полицияның аға сержантына оқ атты. Дәл сол күні Жетісу ауданының ІІБ-да екі қылмыстық іс қозғалды: ҚР ҚК 175-бабы 3-тармағы (ұрлық) және ҚР ҚК 321-бабы 2-тармағы (билік өкіліне қатысты күш көрсету).

Жүргізілген жедел тергеу шаралары ер адамның аталған қылмысты жасағанын және Алматы аумағында бірнеше ұрлық жасағанын дәлелдеді.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жалғасып, оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!