Алматы-Өскемен жолының бойында екі бірдей апат орын алды

Фотография - Алматы-Өскемен жолының бойында екі бірдей апат орын алды

«СанЕнг» көлігінің жүргізушісі оның алдында келе жатқан «Фольксвагенмен» қақтығысқан. Кейін жолдың қарсы бетіне шығып, онда «Ауди» көлігімен соғылады

220 0

«Өскемен-Алматы» жолының 22-шақырымында екі бірдей апат болды.

«СанЕнг» көлігінің жүргізушісі оның алдында келе жатқан «Фольксвагенмен» қақтығысқан. Кейін жолдың қарсы бетіне шығып, онда «Ауди» көлігімен соғылады.

Апаттың салдарынан «Ауди» көлігінде отырған 48 жастағы жолаушының төс сүйегі сынған.

Жол полициясында атап көрсеткендей, жол-көлік оқиғасының орын алуына жол жүру ережесінің бұзылуы, соның ішінде жол қозғалысына байланысты жылдамдық дұрыс таңдалмаған.

Таяуда Аягөз аудандық ауруханасында жол апатынан кейін жеткізілген Мыңбұлақ ауылының тұрғыны көз жұмды. «Мерседес Бенц-230» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі басқару тетігін меңгере алмай, жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік аударылып кеткен. Жігіт ауруханада жан тапсырды.

Полицейлер ағымдағы жылдың 7 айында жылдыамдықты асырудың салдарынан жүргізушілер 248 жол-көлік оқиғасын жасаған, одан 42 адам қаза болып, 329-ы жарақат алған. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда апат саны 55 пайызға артқан.

Сонымен бірге, балалардың қатысуымен болған жол апатының 83 пайызына жүргізушілер кінәлі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!