Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерлерді іздестіруде

Фотография - Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерлерді іздестіруде

Кеше Қапшағай қаласы ҚІІБ-не Шеңгелді кентінің екі тұрғынына оқ атылғаны туралы хабар келіп түсті. Олар шұғыл түрде ауылдық ауруханаға жатқызылған. Ер адамдардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды

122 0

Кеше Қапшағай қаласы ҚІІБ-не Шеңгелді кентінің екі тұрғынына оқ атылғаны туралы хабар келіп түсті. Олар шұғыл түрде ауылдық ауруханаға жатқызылған. Ер адамдардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Шеңгелді кентінің тұрғыны, 1984 жылы туған Агузаев Арсен Хусеиновичке, Шеңгелді кентінің тұрғыны, 1984 жылы туған Угазаев Ваха Алиевичке іздеу жарияланды.

Бүгін мерт болған жас жігітті жерлеу рәсімін өткізгеннен кейін оның туыстары жеті үйдің әйнектерін сындырып, сондай-ақ, жекеменшік үйлердің бірінің ауласында тұрған жүк көлігін жағып жіберген.

Полиция және прокуратура өкілдері азаматтармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізгеннен соң жиылған қауым үйлеріне тарады. Зардап шеккендер жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!