Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 14 жастағы жасөспірім жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды

Фотография - Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 14 жастағы жасөспірім жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды

Жамбыл облысында сейсенбі күні соңы өліммен аяқталған екі қайғылы оқиға болды

199 0

Жамбыл облысында сейсенбі күні соңы өліммен аяқталған екі қайғылы оқиға болды.

Тараз қаласында күндіз кәріз құбырын төсеу кезінде «Тараз-Су» МКК 35 жастағы жұмысшысын топырақ басып қалды, алған жарақаттардан ол оқиға орнында жан тапсырды.

Сонымен қатар, Тараздағы «Модуль Е-2030» ЖШС құю цехында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 14 жастағы жасөспірім электр жарақатын алып, оқиға орнында мерт болды. Тоқ соққан кезде күйік алған екі ер адам ауруханаға жатқызылды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Келеңсіз оқиға Астанадағы кәсіпорында да орын алды. Өндірістік жұмыс жүгізу кезінде «Өркен» ЖШС 19 жастағы жұмысшысы жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!