Эконо­микалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топты қолға түсірді

Фотография - Эконо­микалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топты қолға түсірді

Көлденең табысқа құнық­қандардың айла-шарғысы тереңдеп бара жатқандығы соншалық, онымен отбасылық топтар да айнала бастағаны қоғамды алаңдатып отыр

595 0

Көлденең табысқа құнық­қандардың айла-шарғысы тереңдеп бара жатқандығы соншалық, онымен отбасылық топтар да айнала бастағаны қоғамды алаңдатып отыр. Осындай жағымсыз оқиға Көкшетауда да тіркеліп, эконо­микалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті тарапынан әшкереленді.

Бір қызығы, Б.Қасымов жетек­шілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамындағы С.Қасымова және Б.Аманов өз құдығына түкіргісі келмегендей, Көкшетауды айналып өтіп, республикамыздың өзге өңірлеріндегі беделді мекемелерге қармақ тастап отырыпты. Ең өкініштісі, сол абыройлы ұжымдардың барлығы қитұрқылық құрбаны болып қалғандарын енді байқап отыр. Б.Қасымовтың тобы 2012 жылдың мамыры мен 2013 жылдың ақпаны аралығында «Казводхоз» РМК Қ.Сәтбаев атындағы каналдың, Семейдегі «Консультативті-диаг­ностикалық ор­талығының», Пав­лодардағы «Мемлекеттік ве­домстводан тыс жобалар сарап­­тамасы» кәсіпорнының, Орал­дағы «Информациялық технологиялар колледжінің», Қоста­найдағы «Сарыкөл орталық ауру­ханасының», Ақтөбедегі «Шалқар аудандық емханасының» және бизнестің майын шағып отырған Алматы қаласының үш мемлекеттік мекемесінің 11134700 теңгесін еш қиналмай майлы қоржынға сала салған.

Алдын ала тергеу, сот сараптамасы, куәлер мен күдіктілердің жауаптары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жалған кәсіпкерлік арқылы мемлекеттік сатып алу тендерлеріне қатыс­қандығы анықталып, жасалған қылмыс толық мойындарына ілінді - деп хабарлады baq.kz

Көкшетау қалалық сотының үстіміздегі жылғы 16 тамыздағы үкімімен Б.Қасымов пен Б.Ама­новтың әрқайсысы 7 жыл 6 айға, С.Қасымова 6 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!