ЖОО дипломын жуу соңы адам өлімімен аяқталды

Фотография - ЖОО дипломын жуу соңы адам өлімімен аяқталды

Алматы қаласында жоғары оқу орнын аяқтап, диплом алу салтанатын тойлаған жастардың бас қосуы қайғылы оқиғамен аяқталды

134 0

Алматы қаласында жоғары оқу орнын аяқтап, диплом алу салтанатын тойлаған жастардың бас қосуы қайғылы оқиғамен аяқталды. Полиция қызметкерлері төбелес кезінде 24 жастағы қала тұрғынына пышақ жұмсаған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, диплом алуларын дәмханада атап өтіп, масайған жастар тағы да ішімдік алу үшін дүкенге соға кетуді жөн көреді. Бірақ, сатушымен ерегесіп қалған олар сол жерде төбелес отын тұтатады.

Мәселенің мән-жайын шешу мақсатында сатушы өзінің таныстарын шақырады. Туындаған жанжал барысында сатушының 25 жастағы жолдасы оқуын аяқтаған студенттердің біріне пышақ сұғып алған.

Денеге түскен жарақат салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келіп жеткенше көз жұмған. Ұсталған күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!