Жамбыл облысы аумағында 1 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді

Фотография - Жамбыл облысы аумағында 1 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Жамбыл облыстық ІІД «Дельта Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Көкнәр-2013» жедел алдын алу іс-шаралары барысында Шу ауданына қарасты Тасөткел ауылындағы құмды аумақтан 49 жастағы Тараз қаласының тұрғынын кендір дайындау кезінде ұстады

177 0

Жамбыл облысы аумағында 1 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Жамбыл облыстық ІІД «Дельта Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Көкнәр-2013» жедел алдын алу іс-шаралары барысында Шу ауданына қарасты Тасөткел ауылындағы құмды аумақтан 49 жастағы Тараз қаласының тұрғынын кендір дайындау кезінде ұстады. Оны тінту кезінде шауып алынғанына көп болмаған 6 түп кендір тәркіленді. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы - 1 тонна 143 келі. Бұған дейін ұрлық жасап, сотты болған күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!