29 жастағы әйелді 30 мың теңгеге сатып жіберген азамат ұсталды

Фотография - 29 жастағы әйелді 30 мың теңгеге сатып жіберген азамат ұсталды

29 жастағы әйелді 30 мың теңгеге сатып жіберген азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады

130 0

29 жастағы әйелді 30 мың теңгеге сатып жіберген азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ақмола облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай кентінде аталған ауданның 22 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Оның ағымдағы жылдың сәуір айында Көкшетау қаласында 29 жастағы әйел адамды ұрлап кетіп, пәтерде заңсыз ұстап, одан кейін жезөкшелікке салу үшін Астана қаласына 30 мың теңгеге сатып жібергені анықталып отыр», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне қарағанда, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 126-бабы 2-т. бойынша (заңсыз бас бостандығынан айыру) қылмыстық іс қозғалды. «Қамау» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу амалдары жалғасуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!