Жамбылдық былғары қолғап шебері темір торға тоғытылды

Фотография - Жамбылдық былғары қолғап шебері темір торға тоғытылды

Жамбыл облыстық №6 бокс мектебінің бұрынғы бапкері Данияр Үкібаев кісі өлтірігені үшін 6 жылға бос бостандығынан айырлыды

201 0

Жамбыл облыстық №6 бокс мектебінің бұрынғы бапкері Данияр Үкібаев кісі өлтірігені үшін 6 жылға бос бостандығынан айырлыды деп хабарлайды, боксшының қорғаушысы Роза Құшақова.

  «№2 Тараз қалалық сотының шешімі бойынша облыстық №6 бокс мектебінің бұрынғы бапкері Данияр Үкібаев алты жылға сотталды»,-деді Роза Құшақова.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 12 тамызында Данияр Үкібаев Вячеслав Сычев есімді автослесармен төбелесіп, нәтижесінде оны өлтіріп қойған болатын. Екеуара даудың тууына жол мәселесі себеп болған көрінеді.

32-жастағы Вячеслав Сычев ауыр жағдайда аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп, бірнеше күннен соң есін жимастан қайтыс болған.

Бастапқыда сот өкілдері Вячеслав Сычев алкогольді ішімдік ішіп, басын тасқа соғып алды деп шешім шығарған болатын. Алайда, жол бойындағы бақылау бейне камералары мен медициналық сараптама көрсеткендей, Сычев бас болмаған және оның денесінен көптеген соққылардың іздері табылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!