ОҚО-да еден жуудан бас тартқан қатардағы жауынгер 5 тәулікке қамалды

Фотография - ОҚО-да еден жуудан бас тартқан қатардағы жауынгер 5 тәулікке қамалды

Командирдің бұйрығын орындамай, еден жуудан бас тартқан қатардағы жауынгер 5 тәулікке қамалды. Жауынгердің ісін Шымкент қаласындағы мамандандырылған әкімшілік соты қарады

189 0

Командирдің бұйрығын орындамай, еден жуудан бас тартқан қатардағы жауынгер 5 тәулікке қамалды. Жауынгердің ісін Шымкент қаласындағы мамандандырылған әкімшілік соты қарады.

№6698 әскери бөлімінің сарбазы бекітілген кестеге сәйкес казарманы санитарлық тазалау кезінде еден жууға тапсырма берген взвод командирі, лейтенттың берген бұйрығын орындамады - деп хабарлады ҚазАқпарат

Жауынгер сот барысы кезінде кінәсін толық мойындады, ол сол кезде қатты шаршап тұрғандықтан бұйрықты орындамағандығын айтты. Алайда сот жауынгерді әкімшілік құқықбұзушылық жасауда айыпты деп тапты.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!