ҚазҰУ бұрынғы оқытушысы алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Фотография - ҚазҰУ бұрынғы оқытушысы алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

2008 жылы университет студенттерінің бірінің шағымдануымен 1970 жылы туған әйел оқытушы жұмыстан шығарылған болатын

142 0

2008 жылы университет студенттерінің бірінің шағымдануымен 1970 жылы туған әйел оқытушы жұмыстан шығарылған болатын. Онда ол студентке жатақханадан бөлме алып беруге уәде беріп, ақша алған, деп хабарлады Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінен.

Биылғы жылы алаяқ әйелге қатысты арыздар Алмалы АПБ-не түсе бастаған. Бүгінде оның атына алаяқтыққа қатысты шамамен 4 миллион теңге сомасындағы 9 шағым түскен.

Белгілі бір сомаға ол талапкерлердің грантқа түсуіне, ал бакалаврларды магистратураға түсуіне немесе сессияны «жабуға» уәде беріп отырған. Ақшаны алғаннан кейін, ол бірден ізін суытқан.

Алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қазір Алматы қаласаның ІІД уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Оған қатысты арыздар әлі де түсіп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!