Алматыда «Лексус» ішінде сатушысы ұйықтап жатқан дүңгіршекке соғылған (фото)

Фотография - Алматыда «Лексус» ішінде сатушысы ұйықтап жатқан дүңгіршекке соғылған (фото)

Өткен түні Алматыда «Лексус» мінген қыз ішінде сатушысы ұйықтап жатқан жол жиегіндегі дүңгіршекке барып соғылған, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

196 0

Өткен түні Алматыда «Лексус» мінген қыз ішінде сатушысы ұйықтап жатқан жол жиегіндегі дүңгіршекке барып соғылған, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

ЖКО Рұсқұлов пен Аврора көшелерінің қиылысында орын алды. Алдын ала болжам бойынша қыз Рұсқылов бойымен шығысқа қарай беттеп келе жатқан, Аврора көшесінің қиылысына жете бере рөлге ие бола аламай дүңгіршекке барып соғылған. Соққыдан дүңгіршек орнынан бір метр жылжып кеткен, ал шыны сөрелер мен азық-түлік көшеге шашылған.

ЖКО кезінде ешкім зардап шекпеді. Көлік сатушы ұйықтап жатқан төсектен бірнеше сантиметр ғана алшақтықта өте шыққан. Жүргізуші қыз бен жолаушы да дін аман.

Оқиғаның мән-жайын жол полициясының қызметкерлері анықтауда.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!