Аса ірі мөлшердеалаяқтық жасағандар сотталды

Фотография - Аса ірі мөлшердеалаяқтық жасағандар сотталды

Орал қалалық соты ірі мөлшерде алаяқтық жасағандарға қатысты үкім шығарды

213 0

Орал қалалық соты ірі мөлшерде алаяқтық жасағандарға қатысты үкім шығарды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2011 жылдың қыркүйегінде А.Шерғалиев «Қазақстан Халық банкі» АҚ БҚО филиалында жұмыс атқарып жүріп, Р.Аюпов және Д.Чернухинмен алдын ала сөз байласуы бойынша, алаяқтық мақсатымен Т.Митяшинаның атынан А.Поляковтың атына жалған сенімхат жасап, аталмыш банк филиалынан кассир А.Шерғалиев арқылы Т. Митяшинаның есепшотынан 4 200 330 теңге алған.

Алдын ала рөлдерін келісіп алған Аюпов пен Чернухин алдау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында Поляковпен танысып, туысқаны болып келетін Митяшинаны ауырып қалуына, ал өзінің жеке куәлігі болмауына байланысты сенімхат арқылы соңғының банкідегі есеп шотынан ақша алып беруін өтінген. Сонымен қатар Поляковқа еңбегі үшін 500 доллар беретінін айтқан.

Орал қалалық сотының 2013 жылғы 20 тамыздағы үкімімен Айрат Шерғалиев пен Рустам Аюпов ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігі «б» тармағымен айыпты деп танылып, оларға осы баппен 3 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айрылып, ҚР ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 3 жыл сынақ мерзімі тағайындалды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Дмитрий Чернухин 177-баптың 3-бөлігі «б» тармағымен айыпты деп танылып, оған осы баппен 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айрылып, түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге жаза тағайындалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!