Алматыда Шығыс айналма жолындағы ЖКО-да сегіз көлік бүлінді (фото)

Фотография - Алматыда Шығыс айналма жолындағы ЖКО-да сегіз көлік бүлінді (фото)

Алматыдағы Шығыс айналма жолында орына алған ЖКО салдарынан екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

213 0

Алматыдағы Шығыс айналма жолында орына алған ЖКО салдарынан екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Оқиға бейсенбі күні таңғысын орын алды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда «Фольксваген» батыс бағытта жүріп келе жатып, бұрылмақ болып шығысқа беттеп бара жатқан «Ауди» автокөлігіне соқтығысқан. Соққының күшінен «Ауди» 10 метр темір қоршауды құлатып, шам бағанасына ілініп қалған. Қоршау бөдшектері жан жаққа ұшып, жолдағы тағы да 4 көлікті бүлдірген.

«Ауди» жүргізушісі мен әйел жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

ЖКО жағдайын жол полициясының қызметкерлері анықтауда. «Фольксваген» жүргізушісінде керекті құжаттар толықтай болмай шыққаны белгілі болды.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!