Қазақстан тілшіге шабуыл жасағандарды тапсын

Фотография - Қазақстан тілшіге шабуыл жасағандарды тапсын

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін журналист Игорь Ларраға жасалған шабуылды жедел және жан-жақты тергеуге шақырды

149 0


Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін журналист Игорь Ларраға жасалған шабуылды жедел және жан-жақты тергеуге шақырды.

"Билік Игорь Ларраға қатысты оқиғаның оның кәсіби қызметімен байланысы бар-жоғын тексеруі тиіс" дейді ұйымның Орталық Азия бойынша өкілі Мира Риттман мәлімдемесінде.

Ұйым өкілі жалпы Қазақстан үкіметін журналистерге жасалатын шабуылдарды ерекше бақылауға алуға, шабуыл жасайтындарды тауып жазалау керегін айтады.

Guljan.org сайты, Assandi times және «Свобода слова» газеттерінің Ақтөбедегі тілшісі Игорь Ларраны 20 тамызда, сағат 23:00 шамасында Ақтөбе қаласында белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен еді. Журналист шабуылды кәсіби қызметімен байланыстырады - деп хабарлады azattyq.org

Ақтөбе облыстық полициясы шабуылды "журналистің кәсіби қызметімен байланысты емес, белгісіз бұзақылардың әрекеті" деп мәлімдеді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!