chocolife.me-дің бұрынғы ІТ-директорына қылмыстық іс қозғалды

Фотография - chocolife.me-дің бұрынғы ІТ-директорына қылмыстық іс қозғалды

деп хабарлады Алматы қаласы ҚПД баспасөз қызметі

179 0

 Коммерциялық құпияны жария еткені үшін chocolife.me-дің бұрынғы ІТ-директоры Е.Байтөриновке қарсы қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық мән-жай тексеріліп, келтірілген шығынның көлемі анықталуда, деп хабарлады Алматы қаласы ҚПД баспасөз қызметі.

Е.Байтөринге қатысты ҚР ҚК 200-бабының 1-тармағы бойынша (коммерциялық немесе банктік құпия деп танылған мәліметтерді заңсыз алу және тарату) қылмыстық істі өткен сейсенбіде Алматы қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментінің тергеу басқармасы қозғады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, істің басты кейіпкері компьютерлік жүйеге бұзып кіру арқылы жоғарыда аталған вэб-сайт базасының басқару жүйесінен комерциялық құпия деп танылған мәліметтерді көшіріп алып, оларды таратып жіберген, деп көрсетілген хабарламада.

Алматықыл ҚПД баспасөз қызметінде атап өткендей, қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелу үстінде, оның нәтижесі кейін жарияланатын болады. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!