Туған анасын өртеп жіберген қылмыскер 17 жылға сотталды

Фотография - Туған анасын өртеп жіберген қылмыскер 17 жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған анасын өртеп жіберген адамға қатысты үкім шығарды

222 0

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған анасын өртеп жіберген адамға қатысты үкім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Акжайык ауданы Базаршолан ауылынын тұрғыны Руслан Магомедов биылғы наурыз айында таныстарымен спирт iшiмдiгiн iшкен. Келесі күні әдеттегідей үйiнен шығып, көшеде кездейсоқ адамдармен тағы да iшiмдiгiн жалғастырып, сағат 13.00 шамасында мас күйiнде үйiне келiп, анасынан арақ алуға ақша сұраған. Анасы зейнетақы алмағанын айтып түсiндiрген кезде, Магомедов «ақша жоқ болса, сенi де құртамын!» деп үйiнен шығып кеткен - деп хабарлады ҚазАқпарат

Осыдан кейiн ол сарайдан 5 литрлiк ыдыстағы бензиндi үйге өзiмен бiрге алып кiрiп, аса қатыгездікпен қаза келтiру ойын ақырына дейiн жеткiзу мақсатында, анасына отырған жерiнен басынан төмен қарай бензиндi құйып, сіріңке жағып, анасына қарай лақтырып жіберіп, үстiндегi киiмдерi өртенiп жатқанына көзi жеткен соң, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Жанталасқан бейшара ана отырған бөлменің терезесінің әйнегін сындырып, сыртқа шығып, өртенген күйiнде көршiлерiнiң үйiне қарай жүгіріп, көмек сұрап, сол жерде есінен айырылып құлаған. Ол денесiнiң 60 пайыздан астам бөлiгiн күйік шалған жарақатының салдарынан ауруханада көз жұмған.

Сонымен қатар ол тергеу кезінде үйге келген кезде анасының пеш түбінде ұйықтап жатқанын көргенін, өрттің сол пештен болуы мүмкін деген желеумен қылмысын мойындамаған.

Сот туған анасын өз қолымен өртеген Магомедов Русланды Қылмыстық Кодекстің 96-бабы 2-бөлімінің «д» тармағымен айыпты деп танып, 17 жыл бас бостандығынан айырып, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім шығарды. Сонымен қатар оған бас бостандығынан айыру орнында маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!