Қарағандыда жол апатынан Нидерланды азаматы қаза болды

Фотография - Қарағандыда жол апатынан Нидерланды азаматы қаза болды

Қарағандыда жол апатынан 52 жастағы Нидердандының азаматы қаза болды. Ол мотоциклмен келе жатып, жолдағы көлікпен соқтығысқан

143 0

Қарағандыда жол апатынан 52 жастағы Нидердандының азаматы қаза болды. Ол мотоциклмен келе жатып, жолдағы көлікпен соқтығысқан, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

«25 тамыз күні 19:15-те Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында «Хонда» мотоциклінің 52 жастағы жүргізушісі «Соқыр» бақылау-өткізу бекеті бағытынан «Гүлдер-2» шағын ауданына қарай бара жатып «7-ші магистраль-Үштөбе ауылы» қиылысында 35 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан «Тойота Сюрф» көлігіне соғылды. ЖКО салдарынан алған жарақаттардан оқиға орнында мотоцикл жүргізушісі мерт болды», - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала нұсқа бойынша, мотоцикл жүргізушісі солға қарай бұрылғанда қарсы келе жатқан көлікке жол бермеген.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!