Алматы облысында үш адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

Фотография - Алматы облысында үш адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

Алматы облысының ІІД Тергеу басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтірген күдіктіні ұстады

245 0

Алматы облысының ІІД Тергеу басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтірген күдіктіні ұстады.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қапшағайдың маңында Іле өзенінің жағасынан жанып кеткен Мерседес көлігі табылды. Оның жүксалғышынан көрші Кербұлақ ауданының тұрғындары: екі ер адам мен бір әйелдің күйген мәйіттері табылды.

Жедел шаралардың барысында полицейлер осы жағдайға байланысты екі күдіктіні анықтады, олардың біреуі бір айдан кейін Алматыда ұсталды, екіншісіне халықаралық іздеу жарияланған. Кеше екінші күдікті Талдықорғанда ұсталды.

ҚР ҚК 96-бабының 2-тармағы «Екі және одан да көп адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс облыстық тергеу басқармасында қаралып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!