Алматы облысында браконьерлер қолға түсті, олардың екеуі - Сауд Арабиясының азаматтары

Фотография - Алматы облысында браконьерлер қолға түсті, олардың екеуі - Сауд Арабиясының азаматтары

Алматы облысының полиция қызметкерлері браконьерлікке күдікті үш ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, олардың екеуі - шетел азаматтары

188 0

Алматы облысының полиция қызметкерлері браконьерлікке күдікті үш ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, олардың екеуі - шетел азаматтары.

Браконьерлік фактісі Жамбыл ауданында тіркелген, «Охотзоопром» АМКК инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 25 жасар Алматы тұрғыны басқарып отырған джип көлігін ұстады, көлікте сонымен қатар Сауд Арабиясының екі азаматы болған - деп хабарлады ҚазАқпарат

Ұсталғандармен бірге 12-ші калибрлі аңшы мылтығы, 25 оқ, атылған гильзалар мен ҚР Қызыл кітабына енген шілге ұқсас 31 құстың тұтас еті табылды. Сарапшылардың айтуынша, бұл сирек кездесетін құстың түріне келтірілген залалдың құны 10 млн. 700 мың теңгеден астам болып отыр.

Заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!