Қаржы полициясы лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілерін анықтады

Фотография - Қаржы полициясы лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілерін анықтады

 Жыл басынан бастап қаржы полициясы органдары лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуының 6 фактісін анықтады

213 0

 Жыл басынан бастап қаржы полициясы органдары лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуының 6 фактісін анықтады.

Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының коммерциялық ұйымды құру немесе осындай ұйымды өзі немесе сенімді тұлға арқылы басқару, егер бұл әрекеттер жеңілдіктер, артықшылықтар беру, қамқоршылық көрсетумен байланысты болса, бұл сыбайлас жемқорлық қылмыс болып табылады және ол үшін ең ауыр жаза ретінде 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген - деп хабарлады ҚазАқпарат

Ағымдағы жылғы 14 тамызда Атырау облысының қаржы полициясы Атырау қалалық Құрылыс бөлімінің бастығы С. Сәдуақасовқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 2009 жылғы ақпанда қызметтік уәкілеттігін теріс пайдаланып, сенімді адамы - өзінің туысы арқылы «Атырау Құрман» Құрылыс ЖШС басқаруға қатысқан, сонымен бірге осы кәсіпорынның директоры К. Әлімовке мемлекеттік құрылыс сараптамасымен бекітілген жоба-сметалық құжаттамасыз салынып жатқан коммуналдық тұрғын үйге мансардалық қабатты салуға заңсыз рұқсат берген деп күдіктелуде.

Бұдан басқа, ол Атырау қаласындағы несиелік тұрғын үйдің құрылысына бөлінген 11 млн.теңгені ұрлады деп айыпталуда.

17 тамызда Сәдуақасов сот санкциясымен қамауға алынды.

16 тамызда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Р. Ғибадулинге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол «Энергоприборсерсвис» ЖШС басшыларына кәсіпкерлік қызметті дамыту, түскен табысты реттеу және еңбекақының мөлшерін анықтау бойынша нұсқаулар беру арқылы осы кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысқан деп айыпталуда.

Бұдан бұрын Ғибадулин ағымдағы жылғы маусымда тендерде жеңімпаз атануға жәрдемдесу үшін 4 млн. теңге пара алуға оқталу айыбы бойынша қамауға алынған болатын.

Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!