Алматы облысында бес сыбайласымен бірге үй тонап, кісі өлтірген ер адам қамауға алынды

Фотография - Алматы облысында бес сыбайласымен бірге үй тонап, кісі өлтірген ер адам қамауға алынды

2012 жылғы 28 қазан күні Іле ауданында бір кәсіпкердің үйі тоналды. Қылмыскерлер ірі көлемдегі ақша мен зергерлік бұйымдарды қолды еткен

235 0

2012 жылғы 28 қазан күні Іле ауданында бір кәсіпкердің үйі тоналды. Қылмыскерлер ірі көлемдегі ақша мен зергерлік бұйымдарды қолды еткен.

Қылмыскерлер үйдегі бес адамның аяқ-қолдарын байлап, аса қатігездікпен жәбір көрсеткен. Олар 50 жастағы отағасын басынан ломмен ұрып өлтіріп, зайыбының қолын сындырған, 85 жастағы қария мен екі жасөспірімді айуандықпен сабаған.

Іздестіру шаралары барысында қылмыс жасаған төрт күдікті ұсталып, ұзақ мерзімге сотталды. Тағы екі күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланған. Олардың біреуі жәбірленушілердің туысы болып табылады.

25 тамыз күні іздеу жарияланғандардың бірі Алматыда ұсталып, Іле аудандық АІІБ-не жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!