Бір оқпен жеті адамды атып алды

Фотография - Бір оқпен жеті адамды атып алды

ШҚО Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылында жас жігіт үйлену тойына келген қонақтарға қарата аңшы мылтығымен оқ атқан. Салдарынан, бытыра алты бірдей адамды жаралады

208 0

ШҚО Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылында жас жігіт үйлену тойына келген қонақтарға қарата аңшы мылтығымен оқ атқан. Салдарынан, бытыра алты бірдей адамды жаралады, деп жазды baq.kz сайты  Zakon.kz ке сілтеме жасап.

Белгілі болғаны, 26 тамыз күні түнгі 2-лер шамасында тойға келген бірнеше адам мейрамхана алдындағы алаңқайда тұрған. Сол сәтте қоршаудың сыртында болған белгісіз тұлға оларға қарата мылтықтан оқ атыпты. Салдарынан 7 адам жараланды, араларында күйеу жігіт те бар.

Оқ тиген алты адамның жарасы жеңіл, бытыра олардың аяғына тиген. Ал, бір азамат ішінен және кеуде тұстан жараланып отыр. Дәрігерлер оған ота жасап, өміріне қауіптің жоқ екендігін айтты.

Тексеру жүргізген полицейлер сол маңнан оқ гильзасы мен мылтықтың өзін тапты.

"Көп ұзамай күдіктінің кім екендігі де анықталды. Ол еш жерде жұмыс істемейтін 18 жастағы Тұғыл ауылының тұрғыны. Араға бірнеше сағат салып оны ұстадық. Қазір уақытша қамау изоляторында. Қылмыс жасаған сәтінде алкоголь ішкендігі анықталып отыр" делінген тәртіп сақшылары таратқан хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!