Шымкентте науқас қызын ұрған өгей анаға қатысты сот үкімі шықты

Фотография - Шымкентте науқас қызын ұрған өгей анаға қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған асыранды қызын азаптады деп айыпталған өгей ана сотталды.

271 0

Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған асыранды қызын азаптады деп айыпталған өгей ана сотталды. Ауру бүлдіршінді бірнеше ай бойы ұрып-соғып, қинап келген әйел енді 4 жылын жалпы режимдегі колонияда өткізуі тиіс. Ал, азап тартқан Әнел «Ана мен бала» орталығында қалдырылса, жазаға тартылған әйелмен бірге тұрып келген екінші бүлдіршін балалар үйіне тапсырылатын болды.

Бұл бүлдіршіннің көрген қорлығының азы ғана. Осыдан бірер ай бұрын «Ана мен бала» орталығындағылар ВИЧ-ке шалдыққан қыздың денесін көріп жағаларын ұстаған еді. 8 жастағы Әнелді өгей анасы адам жемес быламықпен тамақтандырып, жаза ретінде хлорлы ваннаға салып келген. Мұны дистрофия ауруына шалдыққан қыздың өзі айтып берді. Осыдан кейін бүлдіршінді қинағаны үшін құқық қорғау органдары бірден елуді еңсерген өгей анаға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Десе де, өгей ана Гүлмира ВИЧ-ке шалдыққан әрі сал ауруымен науқас тағы бір қыз асырап отырғанын алға тартып, Әнелдің өзін есі дұрыс емес деп айыптаған еді.

Гүлмира, Әнелдің өгей анасы:

- Күйеді, келгенше боғын жағады. Қоқысты әкеліп осында шашады, анау жерден хлорды әкеліп құяды. Не істеймін мен оны? Шығарып тастайын ба, не істеймін?

Асыранды қыз Ана мен бала орталығына жатқызылды. Ал, қатыгез ананың өзіне үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, бір ай бойы тексерілді. Және бүгін кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сот Гүлмираға қатысты үкім шығарды.

Серікбай Төлепбергенов, ОҚО Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттың төрағасы:

- Азаматша ҚР Қылмыстық Кодексінің 107 бабы, 2 бөлігі а және г тармақтарымен кінәлі деп танылып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалып, жазаны өтеу жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Сонымен Гүлмира сот залынан бірден абақтыға жөнелтілді. Асырап алған анасының сотты болуына тікелей себепкер 8 жастағы Әнел «Ана мен бала орталығында» жатыр әзірге. Ал, онымен бірге бірнеше жыл өмір сүрген өгей сіңілісі анасы мерзімін өтеп шыққанша балалар үйіне тапсырылатын болды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!