30-жасар келіншек 14 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады

Фотография - 30-жасар келіншек 14 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады

Орал қаласында 30-жасар келіншек 14 жыл бұрын нағашысын өлтіргенін мойындап полицияға келген

177 0

Орал қаласында 30-жасар келіншек 14 жыл бұрын нағашысын өлтіргенін мойындап полицияға келген, деп хабарлайды аймақтық «Уральская неделя» газеті.


«1999 жылы 17 жасар қыз 41 жасар нағашысының мойнын пышақпен орып түскен. Сосын мүрденің үстіне жағармай құйып өртеп жіберген»,– делінген мақалада. Газеттің айтуынша, ол уақытта еңбекпен түзету орнынан босап келген нағашысы жиенін ылғи зорлап тұрған. Оқиға орын алған күні бірге тұратындардың бәрі басқа жаққа қыдырып кетіп, үйде екеуі ғана қалыпты.

Күдіктінің айтуымен Ливикноға барған полицейлер оқиға орнынан адам мүрдесінің қалдығын тапқан. Осы факт бойынша ҚР ҚК 1 бөлім 96 бабы бойынша (кісі өлтіру) іс қозғалды.Полицияның айтуынша, әйел салауатты өмір сүреді. Тұрмыста, төрт баласы бар. Тергеу кезінде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!