Шу алқабында жарты тонна марихуана дайындаған азамат қолға түсті

Фотография - Шу алқабында жарты тонна марихуана дайындаған азамат қолға түсті

Жамбыл облысының ІІД Мерке және Рысқұлов аудандарының өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Мерке ауданындағы Тәтті ауылынан 5 шақырым жерде жабайы өскен қарасораны орып, есірткі дайындап жатқан адамды ұстады

309 0

Жамбыл облысының ІІД Мерке және Рысқұлов аудандарының өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Мерке ауданындағы Тәтті ауылынан 5 шақырым жерде жабайы өскен қарасораны орып, есірткі дайындап жатқан адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінен хабарлады.

Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған, еш жерде жұмыс істемейтін 30 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.

Заңсыз орып, үйіп, дайындап қойған 562 кг марихуана алынды. Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!