Теміртауда тағы да танкіге қарсы үш мина табылды

Фотография - Теміртауда тағы да танкіге қарсы үш мина табылды

Бұл туралы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Құсенова хабарлады.

188 0

Теміртауда Бейбітшілік даңғылы мен Калинин көшесі қиылысында тағы да мина табылды. Бұл туралы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Құсенова хабарлады.

«Иә миналар табылды, қазір залалсыздандырушы мамандарды күтудеміз, аумақ қоршалды, басқа ештеңе айта алмаймын», — деді Г. Құсенова.

Жерді қазып жатқан коммуналдық қызметтің мамандары, үш мина тауып алған. Оқиға орнына төтенше қызмет өкілдері өрт сөндірушілер, полиция, жедел жәрдем келіп жеткен. Аумақ қоршауға алынған.

Естеріңізге сала кетсек, екі күн бұрын Теміртаудың сол ауданында 1960 жылғы танкіге қарсы қолданылатын мина табылған болатын. Оны «Оқжетпес» ЖШС-ның жұмысшылары қазып алды. Сол жерге келіп жеткен саперлар танкіге қарсы қолданылатын минаның жаратын бөлшегі жоқ екендігін анықтап, Спасскіге жоюға жіберді. Аумақты тексеріп шыққан саперлар басқа жарылғыш жоқ деп қайтып кеткен.

Қала әкімінің орынбасары Гүлмира Құсенованың айтуына қарағанда, қазір қаладағы төтенше жағдайлар басқармасы мина табылған жерлердегі 1980 жылы тарап кеткен әскери бөлім қоймалардың орны бойынша ақапарттарды жинақтауда. Жер астында неліктен миналардың қалып қойғаны, әлі қаншасы болуы мүмкін екендігін құзыретті органдар тексеруге кірісті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!