Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам қаза тауып, 34 жолаушы жарақат алды

Фотография - Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам қаза тауып, 34 жолаушы жарақат алды

 Бүгін таңғы жетілерде Алматы-Ташкент жолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды

392 0

 Бүгін таңғы жетілерде Алматы-Ташкент жолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп мәлімдеді Жамбыл облысы прокурорының орнбасары Халидолла Дәуешов.«Алматы-Ташкент» бағытында келе жатқан 52 жолаушысы бар «Сетра» көлігі «Хово» жүк көлігімен қақтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам, оның ішінде 1 бала қаза болды. 34 жолаушы әртүрлі жарақаттармен Т. Рысқұлов ауданының ауруханасына жеткізілді. Олардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнына прокуратура мен полиция қызметкерлері шықты. Қазіргі уақытта прокуратура мен аудандық ІІБ-мен тексеру жүргізілуде.  


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!