Алматыда Қайрат Нұртастың концерті жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Фотография - Алматыда Қайрат Нұртастың концерті жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Алматыдағы Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы "Прайм Плаза" ойын-сауық орталығында көрермендер жаппай тәртіпсіздік жасады

161 0

Алматыдағы Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы "Прайм Плаза" ойын-сауық орталығында көрермендер жаппай тәртіпсіздік жасады, деп жазды baq.kz.

Тәртіпсіздік жасаған жастар музыкалық аппараттарды сындырған. Полиция тәртіпсіздік жасаған жастарды тоқтата алмаған. Тәртіпсіздік кезінде жазаланғандардың арасында полиция мен қала тұрғындары бар деп жазады.

Твиттер парақшаларындағы куәгерлер оқиғаның себебін әнші Қайрат Нұртастың концерт беруден бас тартуына байланысты дейді. Жоспар бойынша, ойын-сауық кешенінде «Запой по пятницам» атты Қайрат Нұртастың қатысуымен караоке концерті өтуі тиіс болатын.

Оқиғаны BNews.kz тілшісіне Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ермек Болтаев ресми түрде растаған.

«Алматыда қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтіп жатты. Концерт барысында бейтаныс азаматтар шу көтеріп, бүлік шығара бастады. Соның негізінде Алматы қаласының ІІД-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық жағдайды бақылауға алды. Бір сағаттан кейін біз ресми мәлімдеме жасаймыз», - деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ермек Болтаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!