Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов жол-көлік оқиғасына ұшырады

Фотография - Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов жол-көлік оқиғасына ұшырады

31 тамыз күні 11.30-да Алматы - Ұзынағаш автожолының 55-шақырымында Фабричный кентінің маңында аймақ басшысының жол талғамайтын көлігі «Toyota Camry» автомобилімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Camry» қозғалыстың қарсы бағытына шығып кеткен

326 0

31 тамыз күні 11.30-да Алматы - Ұзынағаш автожолының 55-шақырымында Фабричный кентінің маңында аймақ басшысының жол талғамайтын көлігі «Toyota Camry» автомобилімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Camry» қозғалыстың қарсы бағытына шығып кеткен.

Аңсар Мұсаханов Конституция күніне орай ұлттық ат спорты түрлерінен Қазақстан Президенті кубогы үшін дәстүрлі жарыс өткен «Көк бастау» ипподромынан қайтып келе жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан облыс әкімі Аңсар Мұсаханов, облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов, Жамбыл ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев зардап шекті.

Қазіргі таңда барлығы да №4 қалалық ауруханаға жатқызылды. Аймақ басшысы Аңсар Мұсахановқа ота жасалды (оң қолы сынған).

Осы уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!