Алматыда «Прайм Плаза» СОСО маңындағы бұзақылық әрекеттеріне қатысты 100-ден астам адам ұсталды

Фотография - Алматыда «Прайм Плаза» СОСО маңындағы бұзақылық әрекеттеріне қатысты 100-ден астам адам ұсталды

Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде қалада жекелеген тұлғалар тарапынан бұзақылық әрекеттер жасалғанын растады

153 0

Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде қалада жекелеген тұлғалар тарапынан бұзақылық әрекеттер жасалғанын растады.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 31 тамыз күні кешкісін Алматыда «Прайм Плаза» СОСО автотұрағы аумағында (Саин менРайымбек батыр көшелерінің қиылысында) Қайрат Нұртастың концертіне келген көрермендердің қатысуымен орын алды. Белгісіз адамдар бұзақылыққа барып, сахнаның астан-кестенін шығарып, сауда ойын-сауық орталығына зақым келтірді. Оқиға орнына келіп жеткен полиция барлығын өз бақылауына алды. Кейбір мәліметтер бойынша, тәртіп сақшылары тәртіпсіздікке қатысқан 100-ден астам адамды ұстады. Зардап шеккендер саны анықталып жатыр.

«Қазір ұсталғандардың аты-жөндерін анықтау, сұралу арнайы шаралары жүргізілуде», - деді Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінде.

Хабарланғандай, бүгін өткізілетін брифинг барысында оқиғаның мән-жайы тарқатылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!