Алматы әкімі шұғыл отырыс өткізді

Фотография - Алматы әкімі шұғыл отырыс өткізді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 31 тамыз күні «Прайм Плаза» ойын-сауық кешенінде болған оқиғаға қатысты 2-шұғыл отырыс өткізді

131 0

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 31 тамыз күні «Прайм Плаза» ойын-сауық кешенінде болған оқиғаға қатысты 2-шұғыл отырыс өткізді деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Отырыста Алматы қалалық ІІД бастығының міндетін атқарушы Қанат Таймерденов оқиғаға қатысты 165 адамның ІІД-не жеткізілгенін хабарлаған. Аталған жағдай бойынша ҚР ҚК-нің 257 бабына сәйкес «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалған. Сонымен қатар, өз істеріне жауапкершлікпен қарамағаны үшін ойын-сауық орталығының басшылығына қатысты ҚР ҚК-нің 232 бабы бойынша іс қозғалған.

Прокуратура өкілдерінің мәліметіне қарағанда, «Прайм Плаза» әкімшілігінің бұқаралық сипаттағы концерт өткізуге рұқсаты болмаған.

Ахметжан Есімов тергеу амалдары әділ болып, бұзақылық жасағандар заң алдында жауап беретін болады деп атап өткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!