Жамбыл облысында 11 адамның өмірін жалмаған апаттың сот-медициналық сараптама қорытындысы күтілуде

Фотография - Жамбыл облысында 11 адамның өмірін жалмаған апаттың сот-медициналық сараптама қорытындысы күтілуде

Жол-көлік оқиғасына «SHACMAN» жүк көлігі жүргізушісінің денсаулығының күрт нашарлауы салдарынан есінен танып қалуы немесе ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін

254 0

Жамбыл облысында 11 адамның өмірін жалмаған апаттың сот-медициналық сараптама қорытындысы күтілуде, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

«Жол-көлік оқиғасына «SHACMAN» жүк көлігі жүргізушісінің денсаулығының күрт нашарлауы салдарынан есінен танып қалуы немесе ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін», - деді ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Асқар Наратауов. - Бұл жол-көлік оқиғасының куәгерлері жоқ. Сондықтан біз соққыға, тежелістің басылуы, көліктің тоқтауына қарап қорытынды шығарамыз. Құлан ауылынан Мерке ауылына қарай беттеген «SHACMAN» жүк көлігінің жүргізушісі кенеттен солға қарай бұрылып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен және «SETRA» жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Егер жүргізуші есінен танбаған болса, тежегішті басар еді, біз тежелу іздерін көрер едік. Бірақ ондай іздер көрінбейді».

«SHACMAN» жүк көлігін 24 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны, ал «SETRA» автобусын 37 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны басқарған.

Сонымен қатар осы апатта Ресей Федерациясының азаматы із-түссіз жоғалып кетті, оны іздестіру шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз күні таңғы жеті шамасында Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент» автожолының 370-шақырымында Астана - Шымкент (Жетісай) бағытында келе жатқан 52 жолаушысы бар «Сетра» көлігі «Әлібек» ЖШС-не тиесілі Мерке - Луговая станциясы бағытымен құрылыс материалдарын тасымалдаған «SHACMAN» жүк көлігімен қақтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 адам, соның ішінде екі жүргізуші де, көз жұмды. Қазіргі таңда 34 жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханада, олардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!