Атырауда пәтерде өрт шығып, 53 жастағы ер адам қаза болды

Фотография - Атырауда пәтерде өрт шығып, 53 жастағы ер адам қаза болды

Атырауда бүгін таңғы үш кезінде екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында сегіз шаршы метр аумақта өрт орын алды

184 0

Атырауда бүгін таңғы үш кезінде екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында сегіз шаршы метр аумақта өрт орын алды, деп хабарлады ҚР ТЖМ. Тілсіз жау бір сағаттан кейін ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 5 адамы мен 1 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында таяуда «Қазпошта» АҚ бөлімінің бірінші қабатындағы кабинетте екі шаршы метр аумақта өрт орын алды. Өрт жарты сағаттан соң тоқтатылды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы мен жеке құрамның 21 адамы қатысты. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!