Өзбекстан азаматшасы Дубай прокуратурасын жарып жібермек болған

Фотография - Өзбекстан азаматшасы Дубай прокуратурасын жарып жібермек болған

Бес жасар баласы бар Өзбекстан азаматшасы Дубайдың прокуратура ғимаратында өзін жарып жібермек болып, 13 сағат бойы елді үрейде ұстап отырды

208 0

Бес жасар баласы бар Өзбекстан азаматшасы Дубайдың прокуратура ғимаратында өзін жарып жібермек болып, 13 сағат бойы елді үрейде ұстап отырды.

Әмірліктің БАҚ мәліметтеріне қарағанда, жексенбі күні кешке қарай Дубай прокуратурасына кішкентай баласымен бірге Өзбекстан азаматшасы келіп кірген. Әйел арабтардың «абайя» дәстүрлі киімінде болған. Қабылдау бағанасына жақындай келе, ол араб тілінде ғимаратты жарып жіберетінін айтқан. Сонымен қатар әйел беліне жарылғыш зат тағылғанын, қолында оны басқаратын пульті бар екенін мәлім еткен.

Бұл жағдайдан кейін прокуратура ішінде байбалам басталып, келушілер асығыс сыртқа шыққан. Оқиға орын алған жер дереу қоршауға алынып, прокуратураға ірі полиция (шамамен 20-25 экипаж) мен азаматтық қорғаныс күштері тартылды.

Өзбекстан азаматшасымен келіссөздер он екі сағатқа созылды. Оған орыс тілді аудармашы мен әйелдің өзбек туыстары да қосылды. Нәтижесінде қос тарап бұл мәселеде ортақ бейбіт шешімге келді.

Алдын ала болжам бойынша, Өзбекстан азаматшасының осындай әрекетке баруына Дубайдағы тағдыр тауқыметі себеп болған. Оның Сириядан келген күйеуін осыған дейін Дубай полицейлері ұстап, жергілікті түрмеге қамаған көрінеді. Ал өзбекстандық әйел мен оның ұлының БАӘ-де тұруға рұқсат мерзімі аяқталып, қазір олар заңсыз тұрып жатыр. Сол себепті енді әйелдің ұлының құжаттарын тіркеуге ешқандай заңды мүмкіндігі жоқ.

Лаңкестік жасап қорқытпақ болған өзбекстандық әйел осы әрекетімен Дубай басшысы шейх Мұхаммед бин Әл Мактуммен жеке кездесіп, осы жағдайға байланысты одан көмек сұрамақ болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!