Алматыда зейнеткерлерді тонауды кәсіп қылған қарақшылар құрықталды

Фотография - Алматыда зейнеткерлерді тонауды кәсіп қылған қарақшылар құрықталды

Алматыда Бостандық ауданының ІІБ қызметкерлері кейуананың ақшасын тартып алмақ болған екі жас жігітті ұстады. 1995, 1996 жылғы азаматтар қылмыс үстінде құрықталды

184 0

Алматыда Бостандық ауданының ІІБ қызметкерлері кейуананың ақшасын тартып алмақ болған екі жас жігітті ұстады. 1995, 1996 жылғы азаматтар қылмыс үстінде құрықталды.

Бұдан екі күн бұрын банктен зейнетақысын алып келе жатқан әйелді тонап кеткен 1995 жылғы тағы бір азамат ұсталды.

Ұсталған адамдардың үшеуі де - зейнеткерлерді тонауды кәсіп қылған ұрылар тобының мүшелері. Олар банктен шыққан зейнеткерлерді торып, соларды тонаумен айналысқан.

Ұсталғандардың сөзінше, олар осы екі адамнан басқа ешкімді тонамаған. Олардың үстінен ҚР ҚК 178 бабының 2-бөлімі бойынша (қарақшылық) қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың екеуі қалалық ІІД уақытша изоляторына қамалды. Ал кәмелетке жетпеген балаға қатысты процессуалды шешім жуық арада қабылданады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!