ит қауып алған 26 жастағы фермер құтырмадан көз жұмды

Фотография - ит қауып алған 26 жастағы фермер құтырмадан көз жұмды

1 қыркүйек күні Қаскелең қаласының инфекциялық ауруханасында 26 жастағы Балқаш ауданының фермері құтырма ауруынан мерт болды

197 0

1 қыркүйек күні Қаскелең қаласының инфекциялық ауруханасында 26 жастағы Балқаш ауданының фермері құтырма ауруынан мерт болды.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау облыстық департаментінен хабарлағандай, ер адамды өзінің иті қауып алған. Бұл жағдайдан кейін ит өлсе де, иесі болған жағдайға мән бермеген - деп хабарлады ҚазАқпарат

Ер адамның денсаулығы 20 күннен кейін сыр бере бастаған. Сол жақ жіліншігі мен жүрек тұсы ауырған ол Іле ауданының аудандық орталық ауруханаға көмек сұрап барған. Дәрігерлер кеңесінен кейін 27 тамыз күні оған құтыру диагнозы қойылған. Науқас Қаскелең қаласының инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне ауыстырылып, бес күн өткен соң сол жерде жан тапсырған.

Аурудың жұғу ошағында - Балқаш ауданындағы Іле өзенінің бойында «Айнакөл» аралындағы шаруашылықта зардап шеккен адаммен байланыста болған 4 адам анықталды: зардап шегушінің әкесі, әйелі мен екі баласы. Эпидемиологиялық зерттеу кезінде олардан аурудың белгілері табылмады. Сонымен қатар, тағы екі тұлға: қаза болған адамның анасы мен ағасы бақылауға алынып, олар тиісті екпелерді қабылдап жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!