Жамбыл облысында көлік апаты жиілеп кетті

Фотография - Жамбыл облысында көлік апаты жиілеп кетті

Жамбыл облысында көлік апаты күрт өсті, деп хабарлайды облыстық ІІД жол полициясы басқармасынан

134 0

Жамбыл облысында көлік апаты күрт өсті, деп хабарлайды облыстық ІІД жол полициясы басқармасынан.

«Осы жылдың сегіз айы ішінде Жамбыл облысының жолдарында 999 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 191 адам қаза тауып, 1 626 адам жарақат алған. 2012 жылы 503 жол апаты болса, оның салдарынан 161 адам көз жұмып, 664 адам жарақат алған», - деп түсініктеме берді облыстық ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Асқар Наратауов.

Оның айтуынша, ірі жол апаттары көбінесе жолаушылар көлігімен байланысты.

«Жол апатының 90 пайызы адами факторлардан, жол қозғалысы ережесіне немқұрайлы қарау, жол қозғалысындағы басқа да қатысушыларды сыйламаудан болып келеді», - деп атап өтті облыстық ІІД жол полициясы басқармасының басшысы - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада аймақта екі ірі жол апаты болды, салдарынан 22 адам қаза тауып, 34-і жарақат алған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!