10 адамның өліміне әкеп соққан Қордай асуындағы жол-көлік оқиғасына себепкер болған 19 жастағы жігітке жүргізуші куәлігін берген тұлғалар жауапкершілікке тарт

Фотография - 10 адамның өліміне әкеп соққан Қордай асуындағы жол-көлік оқиғасына себепкер болған 19 жастағы жігітке жүргізуші куәлігін берген тұлғалар жауапкершілікке тарт

Жамбыл облысы Қордай асуындағы 10 адамның өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасына кінәлі 19 жастағы жігітке жүргізуші куәлігін берген тұлғалар жауапкершілікке тартылады

270 0

Жамбыл облысы Қордай асуындағы 10 адамның өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасына кінәлі 19 жастағы жігітке жүргізуші куәлігін берген тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

«Шу ауданының 19 жастағы тұрғынына жүргізуші куәлігін беріп, оқытқан автомектеп пен жол полиция қызметкерін жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде. «Ауди» көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып, екінші «Ауди» көлігімен соғылған. Бұл апаттан 10 адам қаза болды», - деп түсіндірді Жамбыл облысы ІІД басшысы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов.

Тексеріс барысында, 19 жастағы Т. есімді жүргізуші «Құқық және бизнес» гуманитарлық колледжінде жүргізу курсын аяқтағаны туралы куәлікке ие болған. 2012 жылдың мамыр айында Шу АІІБ-нің А. есімді мемлекеттік автоинспекторы оған жүргізуші куәлігін тапсырған - деп хабарлады ҚазАқпарат

Еске сала кетсек, өткен аптада өңірде екі ірі жол апаты болды, онда барлығы 22 адамның өмірі қиылды, 34-і жарақат алды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!