Ақтөбеде өрт салдарынан екі адам қаза болды, Өскеменде өрт сөндірушілер үш адамды құтқарып қалды

Фотография - Ақтөбеде өрт салдарынан екі адам қаза болды, Өскеменде өрт сөндірушілер үш адамды құтқарып қалды

Ақтөбе қаласында сейсенбі күні тұрғын үйдің 140 шаршы метрінде өрт болды. Тілсіз жау 1,5 сағаттан кейін ауыздықталды

204 0

Ақтөбе қаласында сейсенбі күні тұрғын үйдің 140 шаршы метрінде өрт болды. Тілсіз жау 1,5 сағаттан кейін ауыздықталды.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 8 адамы мен 2 техникасы; ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» ММ 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 41 жастағы ер адам мен 85 жастағы әйел адамның мәйіттері табылды.

Өскеменде осы күні күндіз 9 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт 8 шаршы метр аумақты шарпыды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Өрт 1,5сағаттан кейін сөндірілді. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 адамы мен 3 техника бірлігі қатысты. 13 адам қауіпсіз жерге көшірілді, соның ішінде 3 бала бар. Үш адам құтқарылды, соның ішінде бір бала бар. Өрттің салдарынан газдан уланған 72 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!